$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Әйелдер мен балалар болған: тойға бара жатқан бір отбасының 20 адамы суға батып кетті

Тағы 30 адам із-түзсіз жоғалып кеткен

Әйелдер мен балалар болған: тойға бара жатқан бір отбасының 20 адамы суға батып кетті

 Үйлену тойына бара жатқан 20-ға жуық әйел мен балалар Үнді өзеніне батып кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі Lenta.ru агенттігіне сілтеме жасап.

Британдық Daily Mail басылымының хабарлауынша, Пәкістандағы Үнді өзенінде үйлену тойына бара жатқанда қайық аударылып, 20 адам суға батып кеткен.

Қайғылы оқиға дүйсенбі күні Пенджаб провинциясында болды. Белгілі болғандай, қайық аударылған жерде ағыс қатты болған. Өзге 65 адам, оның ішінде күйеу жігіт жағаға өздігінен шыға алған. Кем дегенде 20 адам суға батып кетсе, тағы 30 адам із-түзсіз жоғалып кеткен.

«Қайықта болғандардың бәрі бір отбасының мүшелері. Денесі табылған марқұмдардың тек әйелдер мен балалар екені анықталды, олардың көпшілігі жүзуді білмегендіктен суға батып кеткен», - де»ді жергілікті шенеунік Аслам Таслим.

Борттағы жолаушылардың саны белгісіз. Куәгерлер олардың жүзге жуық болғанын айтады. Дегенмен зардап шеккендер мен олардың туыстарынан сұхбат алу арқылы нақты цифр анықталып жатыр. Апаттың себебі де әлі анықталған жоқ, алайда қайықтың аударылып кетуіне оған шамадан тыс салмақ түсуі себеп болуы мүмкін.

Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шариф қаза тапқандардың отб асына көңіл айтып, билікке із-түзсіз жоғалғандарды құтқару үшін бар күшті жұмылдыруды тапсырды.

Серіктес жаңалықтары