$ 521.67  592.46  6.32
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
21.07.2022, 10:09
Оқиғалар

ШҚО-да жылқыларға соғылған көлік жүргізушісі қаза тапты

Қайғылы оқиға 20 шілдеде сағат 4.20 шамасында болған

ШҚО-да жылқыларға соғылған көлік жүргізушісі қаза тапты
Фото: oo_osa_semey_vko

 Шығыс Қазақстан облысында жылқыларға соғылған көлік жүргізушісі қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 20 шілдеде сағат 4.20 шамасында Омбы-Майқапшағай тасжолының 484/837 шақырымында болған.

«Жарма ауданында Toyota Crown көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, үш жылқыны қағып кеткен. Жол-көлік апаты салдарынан 21 жастағы жүргізуші оқиға орнында көз жұмды. Төрт жолаушы, оның ішінде 2 әйел, ер адам және бір жасар бала ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер ер адамды ауруханаға жатқызды, қалған зардап шеккендерге көмек көрсетілгеннен кейін үйлеріне шығарылды», - делінген ПД хабарламасында.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі «Абайсызда адам өліміне әкеп соққан көлік құралдарын басқаратын адамның жол қозғалысы ережелерін бұзуы» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, бірқатар сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады. 

Серіктес жаңалықтары