$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
20.07.2022, 16:58
Оқиғалар

Қостанай облысында жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырап, фельдшер қаза тапты

Әйел адам алған жарақатынан ауруханада қайтыс болды

Қостанай облысында жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырап, фельдшер қаза тапты

Қостанай облысында жол-көлік апатынан фельдшер қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қостанай облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, 19 шілдеде Арқалық-Торғай тасжолында болған.

Chevrolet Nivа жүргізушісі дала жолынан тасжолға шыға берген тұста жол қауіпсіздігіне көз жеткізбестен, күрт бұрылыс жасаған. Соның салдарынан жолда келе жатқан Жангелді аудандық орталық ауруханасының «УАЗ» жедел жәрдем көлігіне соғылған.

«Жол апатынан «УАЗ» көлігінде отырған фельдшер көз жұмды. Әйел адам алған жарақатынан ауруханада қайтыс болды. Жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі көптеген дене жарақатын алған. Сараптама нәтижесінде Chevrolet Nivа көлігінің 32 жастағы жүргізушісінің мас болғаны анықталды», - деді полиция өкілдері.

Жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Серіктес жаңалықтары