$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
04.02.2020, 12:23
Оқиғалар

Алматыда күзет агенттігінің қызметкерлері өз клиенттерін тонап келген

Қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланған 4 күзетші тергеу изоляторына қамалды

Алматыда күзет агенттігінің қызметкерлері өз клиенттерін тонап келген
Фото: ашық дереккөзден

Алматыда жеке күзет агенттігінің қызметкерлері қауіпсіздікті қамтамасыз етудің орнына клиенттің үйін тонаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі. Тәртіп сақшылары күдікті ретінде 4 күзетшіні ұстағандарын айтты.

Күзет қызметіндегілер үйде ешкімнің жоқтығын біліп, құнды заттарды қолды қылған. 4 адамнан құралған қылмыстық топ құрамында 23 жастағы жігіттерден бөлек, 54 жастағы егде азамат та бар.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланған күзетшілердің бәрі тергеу изоляторына қамалды.

«Тек бір түнгі ауысымда олар екі үйге кіріп, тұтынушылардың жеке мүліктерін ұрлап, жарты миллион теңге көлемінде материалдық шығын келтірді. Жедел-іздестіру шаралары кезінде қаладағы бейнебақылау камералары арқылы күдіктілер анықталды. Сонымен қатар, олардың қандай көлікпен жүретіні белгілі болды. Қазір төртеуі де ұсталып, Алматы қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олардың үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - деді Наурызбай аудандық Полиция басқармасы басшысы Дидар Аханов.

Әмірболат Құсайынұлы, Алматы

Серіктес жаңалықтары