$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
04.02.2020, 23:28
Оқиғалар

Ақтаудағы мейрамханалардың бірінде атыс болды

Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер жоқ

Қолында қаруы бар, медициналық маска киген екі ер адам Ақтау қаласының 7 шағынауданындағы мейрамханаға кіріп, оқ атты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі lada.kz-ке сілтеме жасап.

«Оқиға 1 ақпаннан 2 ақпанға қараған түні болды. Бейнебақылау камерасының жазбасынан екі адамның мас екенін көруге болады. Екеуінің де қолында қару бар», - деп жазады басылым.

Аталған фактіні полиция департаменті растады. Қазіргі таңда оқ атқан адамдар іздестіріліп жатыр. 

«7:30-да Ақтау қаласының полиция басқармасына караоке-барда екі адамның екі рет оқ атып, белгісіз бағытта кетіп қалғаны туралы хабарлама түсті. Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі таңда жедел-іздестіру шаралары атқарылып жатыр», - дейді полиция өкілдері. 

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Ақтау #атыс