Алматы облысында заңсыз ойын ұйымдастырған тұрғын жауапқа тартылды
Қазіргі таңда аталған факт бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр
Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті қызметкерлері тиісті рұқсат құжаттарынсыз бірнеше ойын мекемелерінде «үстел-рулеткаларды» заңсыз орнату фактілерін анықтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Ойынға арналған залдары Алматы облысының аумағында орналасқан, тек ойын автоматтарының қызметін жүзеге асыруға рұқсат берілген.
«Алайда мекеме ұйымдастырушылары табыс табу мақсатында, крупье арқылы ойналатын «рулеткаларды» пайдаланған, бұл «Ойын бизнесі туралы» заңды бұзу болып саналады, өйткені ойын үстелдеріне өкілдер тек казино рұқсатымен қатысады», - делінген агенттік хабарламасында.
Қазіргі таңда аталған факт бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді.