$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
05.07.2022, 10:09
Оқиғалар

Павлодарда жалған шот-фактура жасағандар мемлекетке 2 млрд теңге шығын келтірді

Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады

Павлодарда жалған шот-фактура жасағандар мемлекетке 2 млрд теңге шығын келтірді
Фото: ашық дереккөзден

Қаржылық мониторинг агенттігі Павлодар облысы бойынша департаментінің қызметкерлері шот-фактураларды заңсыз жазып беру фактілерінің жолын кесті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Тергеу барысында азаматтар В.Р. Легин мен С. А. Рыжаков жалған тұлғаларға ресімделген 13 компания құрғаны анықталды, содан кейін материалдық пайда табу мақсатында 2019 жылдан бастап 2021 жылға дейінгі кезеңде осы компаниялардың атынан бірқатар заңды тұлғаларға жалпы сомасы 6,5 млрд теңгеге жалған шот-фактуралар жазып берді», - делінген агенттік хабарламасында.

В.Р. Легин мен С.А. Рыжаковтың қылмыстық әрекеттерінің нәтижесінде мемлекетке төленбеген салықтар түрінде 2 млрд теңгеден астам сомаға залал келтірілді.

Сот екеуін де кінәлі деп тауып, Легин Вильгельм Робертович пен Рыжаков Сергей Александровичті 2 жыл 9 айға бас бостандығынан айырып, Легиннен 13 млн теңгеден астам ақша тәркілеу туралы үкім шығарды.

Серіктес жаңалықтары