Атырауда шағалалардың қырылу себебі анықталды

Azattyq Rýhy

Қазір өлген құстың саны 2750-ге жетті

Атырауда шағалалардың қырылу себебі анықталды

Қашаған кен орнының екі жасанды аралында "Шағала" (қара-ала тұқымды) құстарының жаппай қырылу фактілері анықталды. Қазір өлген құстың саны 2750 – ге жетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне сілтеме жасап. 

Осыған байланысты Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы арнайы комиссия құрып, аталған аймаққа аттанды. Құстардың өлу себебін анықтау мақсатында - су, топырақ және ауа сынамалары, онымен қатар құстардың өлекселері зерттеуге алынды.

"Зерттеу нәтежиесінде, өлген құстардың сынамаларынан АН5 құс тұмауы анықталып отыр", – делінген хабарламада. 

Қазіргі уақытта Атырау облысының аумағында құстардың жағдайына толық мониторинг жүргізіліп жатыр. 

Тақырыпқа орай: «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының аумағында құстар қырылды

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.