Атырауда із-түзсіз жоғалып кеткен 12 жастағы қыз іздестіріліп жатыр

Azattyq Rýhy

Жасөспірім 27 маусымда «Еламан» дүкенінен шығып бара жатқанда бейнебақылау камерасына түсіп қалған

Атырауда 12 жастағы Айзия Бахаеваны соңғы рет 27 маусымда көрген. Содан бері жасөспірім қыз туралы еш хабар жоқ, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі «Мой город» порталына сілтеме жасап.

Жоғалған қыздың туысы Аружан Жахияеваның айтуынша, жасөспірім 27 маусымда «Еламан» дүкенінен шығып бара жатқанда бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

«Айзия ешуақытта ескертусіз кеткен емес, бір жаққа шықса міндетті түрде ескертіп тұратын. Қазір оның телефоны өшіп тұр, оған хабарласа алмай отырмыз. Әдетте ол спорттық киіммен, кроссовкамен жүретін, мінезі тік, пысық қыз. Бірақ сол күні неге екенін, ол көйлек киіп алған еді», – дейді Аружан Жахияева.

Қыз баланың туыстары полицияға арыз жазған уақыттан бері Айзия іздестіріліп жатыр. Айзия Бахаеваны көргендер немесе қайда екенін білетін жандар болса, 8 775 917 19 69 немесе 102 телефондарына хабарласуын сұраймыз.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.