$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
22.06.2022, 13:14
Оқиғалар

Самат Әбішке қатысты тергеу жүріп жатыр, ол Қазақстанда – ҰҚК

Самат Әбіштің күдікті немесе куәгер екені нақты айтылмады

Самат Әбішке қатысты тергеу жүріп жатыр, ол Қазақстанда – ҰҚК
Фото: ашық дереккөзден

ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары Асқар Әмірханов ҚР бұрынғы ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары Самат Әбіштің де тергеліп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Мәжіліс отырысынан кейін тілшілердің «Самат Әбіштің қаңтар оқиғасына қатысы бар ма?» деген сұрағына жауап берген Асқар Әмірханов оның қазір Қазақстанда тергеу органдарына жауап беріп жүргенін айтты.

«Самат Әбіш тергеу орбитасында. Ол қазіргі кезде жауапқа тартылып жатыр. Оның статусын білмеймін. Оның қазіргі уақытта Қазақстанда екенін білемін. Самат Әбішті өзім көрмедім. Қазір тергеу амалдары жүріп жатқандықтан ол сонда болуы тиіс», - деді Мәжіліс кулуарында Асқар Әмірханов.

Дегенмен ол Самат Әбіштің күдікті немесе куәгер екенін нақты айтпады. 

Еске салсақ, 2015 жылғы желтоқстан айынан бастап ҰҚК басшысының бірінші орынбасары болған Самат Әбіш осы жылдың 17 қаңтарында Мемлекет басшысының жарлығымен қызметінен босатылған болатын.

Серіктес жаңалықтары