Биыл елорданың су айдындарында 3 бала қайтыс болды

Azattyq Rýhy

Олардың барлығы тыйым салынған жерлерде суға шомылған

Биыл елорданың су айдындарында 3 бала қайтыс болды
Фото: ашық дереккөзден

Биыл елорданың су айдындарында 3 бала қаза тапты. Олардың барлығы тыйым салынған жерлерде суға шомылған. Бұл туралы «Суға шомылу маусымындағы қауіпсіздік» тақырыбында өткен брифингте Нұр-Сұлтан қаласының ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Ратбек Демеуберген айтты, деп хабарлады Azattyq Rýhy тілшісі Elorda.info сайтына сілтеме жасап. 

ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы азаматтарды рұқсат етілмеген аумақтарда суға түспеуге шақырды.

"Суға түсуге рұқсат етілмеген жерлерде тиісті белгілер және ақпараттық стендтер қойылған. Одан бөлек департаменттің күш құралдарымен күн сайын патрульдік жұмыстар жүргізіледі. Жұмыс барысында  сол жерлерде халыққа қауіпсіздік ережелері таныстырылады. Сол учаскелерде суға шомылуға рұқсат етілмейтіні жөнінде барлық ақпарат беріледі. Мұндай жұмыстар жаз маусымы аяқталғанша жалғасады", - деді Р.Демеуберген.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.