$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

ШҚО-да тәркіленген 42 млн теңгенің тауары балалар үйі мен қарттар үйіне берілді

Тасымалдаушымен де, тауардың иесімен де кері экспорт кедендік рәсімін мәлімдеу үшін ешқандай шаралар қабылданбаған

ШҚО-да тәркіленген 42 млн теңгенің тауары балалар үйі мен қарттар үйіне берілді

ШҚО-дағы уақытша сақтау қоймасынан 42 млн. теңгеден астам сомаға тәркіленген тауарлар 16 әлеуметтік мекемеге, оның ішінде балалар үйлері мен қарттар үйлеріне берілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.       

«2021 жылдың сәуір айында "Бақты" кеден бекетінде Шығыс-Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлерімен кедендік құны 42 млн. теңге болатын 982 орны (қорабы) декларацияланбаған халық тұтынатын тауарлар (аяқ киім, киім, ойыншықтар, өнерге арналған ) тәркіленді. Тауар ЕАЭО арқылы Венгрияға транзитпен өткен. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды»,-делінген ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарламасында.  

Тасымалдаушымен де, тауардың иесімен де кері экспорт кедендік рәсімін мәлімдеу үшін ешқандай шаралар қабылданбаған. Сөйтіп, тауарлар уақытша сақтау қоймасына тиелген. Кейіннен арнайы комиссия тауарларды балалар үйлеріне, қарттар мен мүгедектер үйлеріне, балабақшаларға, мектептерге, медициналық-әлеуметтік мекемелерге, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерге өтеусіз беру туралы шешім қабылдаған.
 

Серіктес жаңалықтары