Абай облысындағы орман өрті оқшауланды
Орман өрті кеше кешкісін Грачи ауылынан 15 шақырым жерде басталған болатын
“Семей Орманы” резерватындағы орман өрті оқшауланды, деп хабарлайды Semeynews.kz.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 22 маусымда сағат 04:22-де Бесқарағай ауданындағы орман өрті оқшауланды.
“Шамамен алғанда өрттің аумағы 280 га, оның ішінде 150 га орман аймағы, 130 га ауылдық округ жері. Тұрғылықты мекендерге қауіп жоқ. Алдын ала болжам бойынша өрттің шығу себебі – найзағайдың түсуі немесе басқа да ықпал. Тілсіз жаумен күреске ШҚО ТЖД жеке құрамынан 37 адам және 8 бірліктегі техника, орман шаруашылығынан 60 жұмысшы және 25 бірліктегі техника жұмылдырылды”, – делінген баспасөз хабарламасында.
Еске салайық, орман өрті 21 маусымда сағат 18:45-те Грачи ауылынан 15 шақырым жерде, Долон филиалы аумағында басталған болатын.