Шымкентте үш баланың әкесі өзіне қол жұмсап өлмек болған

Azattyq Rýhy

Арқанға асылып қалған ер адамды полиция қызметкерлері құтқарып қалды

Шымкентте үш баланың әкесі өзіне қол жұмсап өлмек болған
CC0 / congerdesign / rope

Шымкент полицейлері үш баланың әкесін ажалдан арашалап қалды. Ер адам отбасылық жанжал салдарынан өзіне қол жұмсамақ болған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Шымкент қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, түнгі сағат 3:00-де полицияға «102» арнасы арқылы отбасылық жанжал туралы хабарлама келіп түскен.

Шақырту бойынша көрсетілген мекенжайға Шымкент қаласы ПД патрульдік полиция полкінің кезекші инспекторлары Оралбек Тәшімбетов пен Бақтияр Орынбаев барады.

Полицейлерді үй иесі қарсы алып, күйеуінің сарайға қарай бет алғанын айтады. Полиция қызметкерінің бірі оны іздеуге шыққана, екінші тәртіп сақшысы әйелмен және үш жас баламен қалып, істің мән-жайын сұрастырған.

«Полиция қызметкері сарайда мал байлайтын арқанға ілініп тұрған үй иесін тапқан. Ер адам тұншығып, денесі жансыздана бастаған. Ташимбетов оны дереу көтеріп, серіктесін көмекке шақырады. Бахтияр арқанды пышақпен кесіп тастайды. Полицейлер ер адамды жерге қойып, оған алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Содан кейін ер адам есін жинай бастаған», - делінген ПД хабарламасында.

Медицина қызметкерлерінің айтуынша, полицейлер кем дегенде бірнеше секундқа кешіккенде, тұрғынды құтқару мүмкін болмас еді.

Белгілі болғандай, 27 жастағы қала тұрғыны тұрмыстық мәселелерге байланысты осындай қадамға барған.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.