Ақтөбе облысында жыл басынан бері 700-ден астам адамды ит қапқан

Azattyq Rýhy

Былтырмен салыстырғанда, иттің шабуылдауы 18,2 процентке артқан

Ақтөбе облысында жыл басынан бері 700-ден астам адамды ит қапқан
Фото ашық дереккөзден

Ақтөбе облысында жыл басынан бері 705 адамды ит қапқан. Мысық пен ірі-қара, жылқы малынан зардап шеккендер де тіркеліп отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Былтырмен салыстырғанда, иттің шабуылдауы 18,2 процентке артқан. Санитар мамандар бұралқы иттердің көбеюіне байланысты тұрғындарға сақ болу керектігін еске салады. Себебі құтырма дертіне шалдығу қауіпі бар. Алға ауданында мұндай бір дерек тіркеліп отыр. Құтырма ауруын жұқтырған үй жануары жойылып, 89 бас малға тиісті екпе жасалған. Абырой болғанда адам баласына залал келген жоқ.

«800-ден астам адам осы ит-мысықтан зардап шеккен. Оның басым бөлігі 6-14 жас аралығындағы балалар. Өйткені өздеріңіз білесіздер балалар далада көп ойнайды. Кейде ата-ана бақылауынсыз қалады. Ит-мысыққа жақын келеді. Ұстағысы, ойнағысы келеді. Сондықтан белгісіз иттер қапқан болатын болса, я болмаса жалаған болатын болса міндетті түрде бірден дәрігерге қаралу керек», - деді облыстық Cанитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Мұхтар Сербаев.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.