Павлодарда әйел зорлаған күдікті ұсталды

Azattyq Rýhy

Ол туралы тәртіп сақшыларына жәбірленушінің өзі хабар берген

Павлодарда әйел зорлаған күдікті ұсталды
Фото ашық дереккөзден

Павлодарда әйел зорлаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы Павлодардағы «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі мәлімдеді.

«102» нөміріне И. есімді әйел  хабарласып,  Ж есімді азамат оны үйінде еркінен тыс зорлағанын  айтып, арызданған. Хабарлама түсе салысымен 5512 әскери бөлімінің  сақшылары бірден  қылмыскерді іздестіруге кіріседі. Сағат түнгі 22.30 шамасында Нұрмағамбетов көшесі бойындағы үйлердің ауласынан жәбірленуші айтқан сипатқа сай  келетін азамат ұсталды. Ол әскери жасақты көре сала бірден абдырап, сасқалақтай  бастаған», - деді баспасөз қызметінің бастығы Бағдат Амангелді.

Сақшылар күдіктіні ұстап,  бірден №4 полиция учаскесіне жеткізген. Жәбірленуші ұсталған азаматты бірден таныды. Аталған дерек бойынша күдіктіге қатысты ҚР ҚК 120 бабының 1 тармағы бойынша (зорлау) қылмыстық іс қозғалды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.