$ 516.01  582.47  6.26
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
13.06.2022, 10:21
Оқиғалар

Елордада мемлекетке 500 млн теңге зиян келтірген қылмыстық топ сотталды

Олар салықтан жалтарғандарға жалған шот-фактуралар жазып беріп отырған

Елордада мемлекетке 500 млн теңге зиян келтірген қылмыстық топ сотталды
Фото: ашық дереккөзден

Қаржылық мониторинг агенттігі елордалық департаменті 2020-2021 жылдар аралығында көлеңкелі экономика саласында ауыр қылмыстар жасаған бір топ тұлғаны әшкереледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Азамат Хан В.В. басқарған қылмыстық топ өз клиенттерін бюджетке салық төлеуден босату мақсатында бақылаудағы 7 заңды тұлғаның контрагенттеріне жалған шот-фактуралар жазып берген. Олар өз әрекеттерімен мемлекетке 490 миллион теңгеден астам сомаға аса ірі көлемде зиян келтірген», - делінген агенттік хабарламасында.

Сот басты айыпталушы Хан Виталий Васильевичті нақты мерзімге – 4 жылға бас бостандығынан айыру, ал заңсыз ақша жинаумен айналысқан екі адамды шартты түрде бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.

Үш айыпталушыға да ұзақ мерзімге коммерциялық ұйымдарда басшылық қызметтерді, оның ішінде шот-фактураларды беруге байланысты лауазымдарды атқаруға тыйым салынды. Төленбеген салықтар камералдық бақылау және салықтық тексеру аясында барлық контрагенттерден өндіріп алынатын болады.

Серіктес жаңалықтары