«Істі жауып тастады»: Қызылордада 8 жасар баланы бір топ жасөспірім бір жыл бойы зорлап келген

Azattyq Rýhy

Ата-анасы ұлының басынан өткен сұмдық жайтты кездейсоқ біліп қалған

«Істі жауып тастады»: Қызылордада 8 жасар баланы бір топ жасөспірім бір жыл бойы зорлап келген
Фото: ratel.kz

Қызылордада сегіз жасар баланы жасөспірімдер қараусыз қалған ғимаратта бір жыл бойы зорлап келген. Бұл сұмдық жайт зорланған бала өзі інісіне оғаш әрекет көрсетіп, жыныстық қатынасқа мәжбүрлеп жатқан сәтте кездейсоқ белгілі болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«НеМолчи.kz» қорының жетекшісі Дина Таңсәрінің жазуынша, ата-анасы ұлының басынан өткен оқиғасын кездейсоқ білген. Әкесі екінші сыныпқа енді ғана көшкен ұлын 12-14 жас аралығындағы бір топ жеткіншек бір жыл бойы зорлап келгенін айтып берген.

«Бұл сұмдық жайт туралы баланың анасы кездейсоқ білген. Ол үлкен ұлының (зорлық көрген 8 жастағы бала) өз інісін (алты жаста) жыныстық қатынасқа мәжбүрлеп жатқанын көріп қалады . Анасы бірден одан мұнда әрекетті қайдан білетінін, кімнің үйреткенін сұрайды. Сол сәтте бала жылап жіберіп, бар шындықты айтып берген. Бұл жағдай осы жылдың 6 мамырында белгілі болады», - дейді қоғам белсендісі Дина Таңсәрі.

Белгілі болғандай, бала ойнауға шыққанда оны жоғары сынып оқушылары қараусыз қалған ғимаратқа апарып, сол жерде сұмдық әрекеттерге мәжбүрлеген. Бала олардың бәрінің аты-жөнін, тұратын жерін білген. Ата-анасы не болғанын анықтау үшін зорлық жасаған балалардың бірінің үйіне барғанда, ол екі жақтың ата-аналарының көзінше істеген істерін бірден мойындаған.

«Сосын олар полицияға арызданған. Бірақ күдіктілердің тым жас болуына байланысты іс 24 сағат ішінде жабылып қалған. Тергеуші жеткіншектің ата-анасына балалардың бәрінің өз қылмысын мойындағанын, бірақ олардың кішкентай екені ескеріліп, жазаланбайтынын айтқан. Тек ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабы бойынша олардың ата-анасы жазаланады. Осы жауаптан кейін зардап шеккен баланың ата-анасы барлық жерге, прокуратураға, қала әкімдігіне арызданғанымен, бәрі күдіктілерді жақтап, істі жабуға тырысады», - деп жазады қоғам белсендісі.

Ата-ананың айтуынша, ол жасөспірімдердің кесірінен тағы бір бала зардап шеккен, бірақ оның ата-анасы полицияға баруға қорыққан екен.

Қызылорда қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабы «Кәмелетке толмаған баланың ата-анасының немесе өзге де адамның тәрбие жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамауы» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын растаған. Сондай-ақ тергеудің өзге мәліметтері жария етілмейтінін айтқан.

Аталған бапта көрсетілгендей, кінәлі деп танылған тұлғаға 160 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салу немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстары, не 160 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту, не 40 тәулікке дейін қамауға алу түріндегі жаза қарастырылған. Сондай-ақ үш жылға дейін белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу жазасы көзделген.

Қоғам белсендісі Қазақстанда балаларды тек 14 жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке тартатын заң бар.

«Күдіктілер ҚР Қылмыстық кодексінің 4-бөлігінің 121-бабында көзделген аса ауыр әрекеттерді 13-14 жас аралығында жасаған, соңғы әрекет кезінде кей балалар 14 жаста болған. Оның үстіне мұндай балаларды жөнге салатын арнайы мектеп-интернаттар бар, неге оларды жауапқа тартып, сол жаққа жөнелтпеске? Әлде келесі құрбанның кім болатынын күтіп отырамыз ба?», - деп сауал тастады қоғам белсендісі. 
 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.