$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
13.06.2022, 11:58
Оқиғалар

Түркістан облысында дәрілік өсімдікті заңсыз теріп жүрген 50 шетелдік ұсталды

Олардың 31-і Өзбекстанның, 17-сі Тәжікстан Республикасының азаматтары болып шықты

Түркістан облысында дәрілік өсімдікті заңсыз теріп жүрген 50 шетелдік ұсталды
Фото: Түркістан облыстық ПД

Полицейлер рейдтік шара кезінде кеурек өсімдігін қазған 51 шетелікті анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Түркістан облысының полицейлері заңсыз көші-қон желілерінің алдын-алу және оларды ұйымдастырушыларды анықтау мақсатында тексеру жұмыстарын жүргізді.

«Осындай шара кезінде Отырар аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Қарақоңыр ауылдық округіне қарасты далалық алқаптарда кеурек өсімдігін жинап жүрген 51 шетел азаматын анықтады. Олардың 31-і Өзбекстанның, 17-сі Тәжікстан Республикасының азаматтары болып шықты», - делінген облыстық ПД баспасөз хабарламасында.

Тәртіп сақшылары анықталған азаматтарды дереу полиция бөліміне жеткізіп, шетелдіктерге ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 5-бөлігі «Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан  Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы» бойынша шара көріп, ел аумағынан аластатты.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері аталған құқықбұзушылықты анықтап қана қоймай, шетел азаматтарына жұмыс берушілерге профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ бұл бағыттағы тексеру жұмыстары ары қарай жалғаса бермек.

Серіктес жаңалықтары