Алматыда мопед ұрлап жүргендер ұсталды
Аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды
Қазір қолға түскендердің бөтеннің мүлкін ұрлаудың 5 дерегіне қатысты бар екені дәлелденіп отыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Ұсталғандар – 1999 жылы туған Н. есімді және 2002 жылғы И. есімді азаматтар заңсыз баю мақсатында түнгі уақытта көпқабатты үйлердің ауласында қараусыз қалған көлік құралдарын тауып, оларды ұрлап және жасырып отырған. Кейіннен сатып жіберген.
Қылмыстық істер барлық деректер бойынша тіркеліп, ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігінің 2 тармағымен ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін бірнеше рет жасырын жымқыру бойынша іс қозғалды», - деді Әуезов аудандық полиция Басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.
Қазіргі уақытта тергеушілер күдіктілерді бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғына тексеруге алды. Жедел-іздестіру және тергеу шаралары жүргізіліп жатыр