$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Сарыағашта 9-сынып оқушысын зорлады деп күдіктелген мұғалім қамауға алынды

Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметі мәлім етті

Сарыағашта 9-сынып оқушысын зорлады деп күдіктелген мұғалім қамауға алынды
Фото: telegram

Түркістан облысында мектеп қабырғасында оқушыны зорлады деп күдіктелген мұғалім 2 айға қамауға алынды. Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

"Түркістан облысының прокуратурасы Сарыағаш аудандық сотының санкциясымен оқушы қызбен жыныстық қатынасқа түсті деп күдіктелген мұғалімнің екі айға қамауға алынғанын хабарлады. Тергеу барысында ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп жазды Шымкент онлайн Тelegram-каналы.

Еске салсақ, 30 мамырда жасөспірімнің анасы кәмелетке толмаған қызына қатысты сексуалдық әрекеттер жасалғаны туралы полицияға арызданған. Ауылдық мектеп қабырғасында мұғалім мен оқушы қыздың жыныстық қатынасқа түсу фактісін растаған полиция ҚР Қылмыстық кодексінің 122-бабының 1-бөлігі «Он алты жасқа толмаған тұлғамен жыныстық қатынасқа түсу немесе жыныстық сипаттағы өзге де іс-әрекеттер жасау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Тақырыпқа орай: Сарыағашта мұғалім мектепте 9-сынып оқушысын зорлады деген күдікке ілінді

Аталған оқиға туралы жергілікті журналист Саида Тұрсуметова әлеуметтік желіде жазған соң артынша қоқан-лоққы көрген. Ал күдікті деп танылған адам тіпті, қыз бен оның анасымен бірге видеоға түсіріп, екеуінің арасында махаббат бар екенін, тіпті қызға үйленетінін айтып сендірген. Мұғалімнің Facebook желісіндегі жеке парақшасында жарияланған сол видеода жасөспірім қыз өзін ешкімнің күштеп күйеуге бермегенін және бақытты өмір сүріп жатқанын айтады. Мектеп оқушысының анасы болып шыққан оның қасындағы келіншек «қызының өз еркімен тұрмысқа шыққанын» растайды.

3 маусымда күдіктінің «анықталып, ұсталғаны» хабарланды. Енді оның қамауға алынғаны белгілі болды

Серіктес жаңалықтары