$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
09.06.2022, 15:10
Оқиғалар

Қарағандыда полицейлер шатырдан секіріп өлмек болған тұрғынды құтқарды

22 жастағы ер адам әйелімен жанжалдасып қалғандықтан осындай әрекетке барған

Қарағандыда полицейлер шатырдан секіріп өлмек болған тұрғынды құтқарды
Видеодан кадр

Қарағандыда 22 жастағы жасөспірім әйелімен жанжалдасып, өз-өзіне қол жұмсамақ болды. Видеода полицейлердің оны шатырдан секірмеуге қалай көндіргені түсірілген, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, оқиға 8 маусым күні сағат 14:15 шамасында болған. Қарағанды ​​қалалық полиция басқармасының Жедел басқару орталығына Дүйсенбеков көшесіндегі бес қабатты үйдің шатырынан ер адамның секірмек болғаны туралы хабарлама түскен.

"Қарағанды ​​қаласы полиция басқармасы басшысының бірінші орынбасары Рысқали Жазықбаев пен Қазыбек би ауданы прокурорының орынбасары Сейдахмет Өткүров төтеншеліктермен бірге тікелей үйдің шатырына шықты. Өзіне қол жұмсамақ болған азаматтың назарын аударған полицей онымен келіссөз жүргізген. Келіссөз жүргізіп жатқан тәртіп сақшысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ТЖД қызметкерлері қауіпсіздік белдігін тағып үлгерлі», - деді полиция өкілдері.

Келіссөз шамамен 3,5 сағатқа созылды. Нәтижесінде полицейлер ер адамды қайғылы әрекетке бармауға көндіре алды. Осыдан кейін оған медициналық және психологиялық көмек көрсетілді.

Істі қарау барысында белгілі болғандай, 22 жастағы қала тұрғыны әйелімен жанжалдасып, содан кейін өзіне қол жұмсамақ болған. Оның наркологиялыө және психоневрологиялық диспансерде есепте тұрмайтыны анықталды.  

Серіктес жаңалықтары