09.06.2022, 16:21
Оқиғалар
Ақтауда кәріз құдығынан шала туған шақалақтың денесі табылды
Қазіргі кезде тергеу шаралары жүргізіліп жатыр
© AP Photo
Ақтауда кәріз құдығынан шала туған шақалақтың денесі табылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, айы-күні жетпей туған жансыз шақалақ қаладағы кәріз құдығының бірінен табылған.
«Бүгін, 9 маусымда сағат 11:51-де кезекші 102 пультіне Ақтау қаласының 32-шағын ауданында кәрізден 9 айы толып, өмірге келмеген шарана табылғаны туралы шақыру түсті. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу шаралары жүргізіле бастады», – делінген ПД хабарламасында.
Аталған факт ҚР ҚК 001-бабы (адамның қайтыс болуы) бойынша СДТБТ-де тіркелді.
Көп оқылған
14.10.2026, 10:03
Карантин ене ме: Павлодарда оқушы туберкулез жұқтырды деген күдікпен ауруханаға түсті
14.10.2026, 09:53
«Таңғы жетіде бойжеткенге интим ұсынған»: Астанада inDrive такси жүргізушісі сотталып кетті
14.10.2026, 15:49
Қар аралас жаңбыр жауып, үсік жүреді: Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт бұзылады