$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
09.06.2022, 10:41
Оқиғалар

Алматыда ер адамды пойыз қағып өлтірді

Қайғылы оқиға 8 маусымда болған

Алматыда ер адамды пойыз қағып өлтірді
© Sputnik

Алматыда пойыз қағып кеткен ер адам ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Көліктегі полиция департаменті мәлім еткендей, қайғылы оқиға 8 маусымда сағат 22.10-да Алматы-1 және Алматы-2 станциялары арасындағы учаскеде болған.

Көлік полициясының кезекші бөліміне жолаушылар пойызының белгіленбеген жерде теміржолды кесіп өтіп бара жатқан ер адамды қағып кеткені туралы хабарлама түскен.

Зардап шеккен тұрғын алған жарақаты салдарынан ауруханада көз жұмды.

«Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 344-бабының 2-бөлігі (Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы немесе теміржол көлігін пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Өзге мәліметтер ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес тергеу мүддесі үшін жария етілмейді», - деп хабарлады көлік полициясы.

Ведомство өкілдері теміржолдың қауіпті аймақ екенін еске салады.

Серіктес жаңалықтары