$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
29.01.2020, 23:09
Оқиғалар

Нұр-Сұлтан бағытындағы автожолдардың алты бөлігі ашылды

Бұл туралы «ҚазАвтожол» хабарлады

Нұр-Сұлтан бағытындағы автожолдардың алты бөлігі ашылды

Нұр-Сұлтан қаласына қатынайтын республикалық маңызы бар автожолдардың алты бөлігі ашылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «ҚазАвтожол» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.   

Атап айтқанда:

1. Нұр-Сұлтан - Щучинск жол бөлігі 2020 жылдың 29 қаңтарында сағат 20.00-де ашылды;
2. Нұр-Сұлтан - Теміртау жол бөлігі 2020 жылдың 29 қаңтарында сағат 20.00-де ашылды;
3. Екатеринбург - Алматы (Қостанай бағытындағы) жол бөлігі 2020 жылдың 30 қаңтарында сағат 7.00-де ашылады деп жоспарланып отыр;
4. Нұр-Сұлтан - Қорғалжың 2020 жылдың 29 қаңтарында сағат 20.00-де ашылды;
5. Нұр-Сұлтан - Киевка - Теміртау 2020 жылдың 29 қаңтарында сағат 18.00-де ашылды;
6. Нұр-Сұлтан - Ерейментау - Шідерті 2020 жылдың 30 қаңтарында сағат 20.00-де ашылады деп жоспарланып отыр.

Соған қарамастан, ТЖ департаменті Нұр-Сұлтандағы төтенше жағдай режимі әлі де сақтала береді деп мәлімдеді.

Елордада төтенше жағдай режимі 27 қаңтарда енгізілген болатын.   

«ҚазАвтожол» ҰК» АҚ қазақстандықтардан қала сыртына шықпауды сұрайды. Құтқарушылар елдің солтүстік бөлігіндегі тасжолдарда қар құрсауында қалған адамдар мен автокөліктерді әлі де құтқарып жатыр. 

Серіктес жаңалықтары