$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
06.06.2022, 11:48
Оқиғалар

Атырауда көпқабатты үйдің ашық терезесіне шығып алған 2 сәби құтқарылды

Ата-анасы кішкентай балаларын қалдырып, жұмысқа кетіп қалған

Атырауда көпқабатты үйдің ашық терезесіне шығып алған 2 сәби құтқарылды
Фото: Атырау облыстық ПД

Атырау облысында полиция қызметкерлері ашық терезеден қарап тұрған 2 бүлдіршінді аман алып қалды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Белгілі болғандай, 5 маусым күні сағат 19:00 шамасында Мақат ауданындық полиция бөліміне 2-3 жас шамасындағы бүлдіршіндердің 2-қабаттағы ашық терезеден қарап тұрғаны туралы хабар түскен.

Оқиға орнына барған Мақат аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері полиция майоры Тойғожа Азбергенов, полиция аға лейтенанты Ренат Исемғалиев, полиция аға лейтенанты Аслан Мұсаев және Мақат ауданының Қайрат есімді тұрғыны екінші қабаттағы терезеге өрмелеп шығып, балаларды қауіпсіз жерге шығарды.

«Пәтер ішінде 2 бүлдіршін жалғыз болған. Ювеналды полиция инспекторлары балалардың 1997 жылғы ата-анасының жұмыста болғанын анықтап, түсіндірме жұмыстарын жүргізді», - делінген ПД хабарламасында.

Полицейлер ата-аналардан балалардың қауіпсіздігін қатаң сақтау қажеттігін ескертеді.

Серіктес жаңалықтары