Семейде орман өртімен күрес әлі жалғасып жатыр
«Семей орманы» МОТР аумағындағы өрт 1 маусымда шыққан болатын

Шығыс Қазақстанда орман өртімен күрес әлі жалғасып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Айта кетсек, 1 маусымда «Семей орманы» МОТР аумағында өрт шыққан болатын. Төтеншеліктер өртке найзағай себеп болуы мүмкі деп болдам жасаған еді.
«Жаңа-Семей филиалының Подгороднее орман шаруашылығы аймағында (қарағай) өрт шықты. Өртті сөндіруге ШҚО ТЖ департаментінің, жергілікті атқарушы органдардың, ТЖМ №68303 әскери бөлімінің орманшылары мен күштері жұмылдырылды», - делінген ТЖД хабарламасында.
Қазіргі уақытта өртті сөндіру жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Барлығы жеке құрамнан 399 адам және 85 бірлік техника жұмылдырылған.
Сондай-ақ өрттің жалпы аумағы анықталып жатыр.
Жағдайға әуеден мониторинг жасау үшін «Қазавиаорманқорғау» «Ми-2» тікұшағы тартылды.
Қазіргі уақытта өрттің таралуы тоқтатылды. Орман іші аймағында жұмыстар жүргізіліп жатыр.