$ 503.05  542.99  5.98
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ресейлік тұрғын 53 жыл бойы көрмеген әкесін іздеп Қазақстанға келді

Ол әкесін соңғы рет бала кезінде, жеті жасында көріпті

Ресейлік тұрғын 53 жыл бойы көрмеген әкесін іздеп Қазақстанға келді
Фото: pexels

Ресей тұрғыны 53 жылдан бері көрмеген әкесін іздеп, Қостанай облысына келді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Костанайские новости» басылымына сілтеме жасап.

Соңғы мәліметтер бойынша Татарстан тумасы Хасанов Зиннұр Давлетшинұлы көп уақыт бұрын Қостанай қаласында тұрған.

«Жақында немере әпкемнен әкемнің болжалды мекенжайы Қостанайдағы Бауман көшесінде болғанын білдім», – дейді Ильсур Мұхтабаров.

Қазір Илсурдың өзі 60 жасқа келіпті. Соңғы рет әкесін бала кезінде, жеті жасында көрген. Әкесі туралы білетіні де аз. Одан тек бір-екі фотосуреті ғана қалған.

«Анамның айтуынша, әкем бізді, отбасын тастап, Қазақстанға кеткен. Ол кезде қарындасым тіптен кішкентай болған. Ал сол кеткеннен мол кеткен әкемнен еш хабар болмаған. Анам әлі күнге дейін оны жиі еске алып тұрады. Қанша дегенмен, екі баланы жалғыз өсірді ғой. Әкем туралы бар білетінім осы ғана. Енді оның қайда екенін білгім келеді. Тірі болса, жағдайын білсем деймін», - дейді ресейлік азамат.   

Хасанов Зиннұр Давлетшинұлын білетіндер болса, «KN» басылымының WhatsApp 8-777-442-1122 нөміріне хабарласа алады.

Серіктес жаңалықтары