02.06.2022, 09:53
Оқиғалар
Талғарда дәрігерлер қолын ет тартқышқа турап алған бір жасар баланы аман алып қалды
Қазір бүлдіршін интенсивті терапия бөлімінде жатыр
Фото: ашық дереккөзден
Алматы облысының дәрігерлері қолын жұмыс істеп тұрған электр ет тартқышқа турап алған баланы аман алып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rúhy тілшісі.
Ақ халаттылар балаға ота жасап, оның қолындағы барлық тамырларын жалғап, дер кезінде көмек көрсетіп үлгерген.
«Талғар аудандық орталық ауруханасының қабылдау бөліміне ауыр оң қол жарақатын алған бір жарым жасар бала түсті. Ол оң қолын жұмыс істеп тұрған электр ет тартқышқа турап алған. Операцияны Талғар аудандық орталық ауруханасының дәрігерлері жасады. Қазір науқас бүлдіршін интенсивті терапия бөлімінде жатыр. Оның жағдайын реаниматолог дәрігерлер бақылап отыр»,- деді Алматы облыстық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі.
Көп оқылған
26.05.2026, 17:52
«Қурағанша құшақтап жат»: соңғы қоңыраудан кейін 101 раушан гүлін арзанға сатқан түлектер сынға қалды
26.05.2026, 17:04
«Үш бәйтеректі» қорлады»: Астанада «Бейімбеттің басына мінген» қызды желідегілер жазалауды сұрап жатыр (ВИДЕО)
26.05.2026, 19:19
Павлодар облысында Газель мен жеңіл көлік соқтығысып, екі адам көз жұмды