$ 521.67  592.46  6.32
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
30.05.2022, 16:52
Оқиғалар

Өскеменде тұрғын үйде жарылыс болып, бір адам ауруханаға жеткізілді

Сондай-ақ оқиға орнынан 13 адам эвакуацияланды

Өскеменде тұрғын үйде жарылыс болып, бір адам ауруханаға жеткізілді
Көрнекі сурет: vse42.ru

Өскеменде газ-ауа қоспасының жарылуы салдарынан бір адам зардап шегіп, 13 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті хабарлағандай, бүгін, яғни 30 мамырда Өскемен қаласының Набережная Славский көшесіндегі 5 қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтерде құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде газ-ауа қоспасының жарылысы болған.

«Жарылыстан зардап шеккен 1989 жылғы ер адам ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Жарылыс салдарынан 1-қабаттан 5-қабатқа дейінгі әйнектер сынып, оқиға болған пәтердегі және іргелес пәтердегі бөлмеаралық қабырғалар мен бірінші қабаттағы есіктер зақымдалды.

ШҚО ТЖД қызметкерлері үй тұрғындарын эвакуациялады. № 4 подъезден 17 адам өз бетінше шығып, 2 адам эвакуацияланды. № 3 подъезден 11 адам эвакуацияланды», - делінген ТЖД хабарламасында.

Оқиға орнында барлығы 25 төтеншелік қызметкер мен 7 техника жұмылдырылды.

ШҚО ТЖД Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды еске салады.

Өрттің алдын алу үшін мына ережелерді сақтау қажет:

- тек жарамды электр құралдарын пайдалану;

- іске қосылған электр құралдарын жанғыш заттар мен ағаш құрылымдарға жақын орналастырмау;

- электр жарығын өшіру;

- электр желісіне электр желісінің артық жүктелуін тудыратын электр энергиясының бірнеше қуатты тұтынушыларын (электр плитасы, электр камині, шәйнек және т. б.) бір мезгілде қосуға жол бермеу;

- ашық от көздерін пайдаланбау;

- өрт кезінде 101 және 112 нөмірлері бойынша дереу хабарлау қажет.

Серіктес жаңалықтары