$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
30.05.2022, 14:17
Оқиғалар

Қаскелеңде тұрғын үй жанынан ер адамның денесі табылды

Тұрғынды өлтірді деген күдікпен такси жүргізушісі ұсталды

 
Қаскелеңде тұрғын үй жанынан ер адамның денесі табылды

Алматы облысының Қарасай ауданы Қаскелең қаласында ер адамның мүрдесі тұрғын үй кешенінің жанынан табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ер адамды өлтірді деген күдікпен такси жүргізушісі ұсталды.

«29 мамыр күні сағат 17:00 шамасында Қарасай аудандық полициясына «Қарлығаш» тұрғын үй кешенінің шлагбаумнан шыға беріс тұсында ер адамның мәйіті жатқаны хабарланды. Тәртіп сақшылары бірден оқиға орнына жетіп, Қаскелең қаласының тұрғынын 1976 жылғы ұстады. Күдікті жәбірленушімен жанжалдасып қалғанын, соңында оған бұрағышты жүрек тұсына тығып алғанын мойындады. Ер адам алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмған», - делінген ведомствоның хабарламасында.  

Қазір күдікті қамауға алынды. Айғақ заттар тәркіленіп, қылмыстық іс тергеліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары