Шығыс Қазақстанда жол-көлік оқиғасынан төрт адам зардап шекті

Azattyq Rýhy

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша бірқатар сот-медициналық сараптамалары тағайындалды

Шығыс Қазақстанда жол-көлік оқиғасынан төрт адам зардап шекті
Фото: ашық дереккөзден

Шығыс Қазақстанда екі көлік соқтығысып, төрт адам жарақат алды деп хабарлайды Azattyq Rýhy Semeynews.kz-ке сілтеме жасап. 

ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, осы жылдың 29 мамырында шамамен сағат 17:30-да «Самар-Өскемен» тас жолының 12/133 шақырымында, 31 жастағы TOYOTA көлігінің жүргізушісі Самар ауылынан келе жатып, жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, қарсы келе жатқан 40 жастағы жүргізуші тізгіндеген AUDI көлігімен соқтығысқан.

Жол көлік оқиғасы салдарынан AUDI көлігінің үш жолаушысы және TOYOTA көлігінің бір жолаушысы түрлі дене жарақаттарымен Самар аудандық ауруханасына жеткізілді.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша бірқатар сот-медициналық сараптамалары тағайындалды, нәтижесі бойынша процессуалды шешім қабылданады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.