30.05.2022, 13:56
Оқиғалар
Павлодар облысында көлік жыраға аударылып кетті
Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам зардап шекті
Фото: ашық дереккөзден
Павлодар облысында көлік жыраға аударылып кетті, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, 29 мамыр күні сағат 18.00 шамасында Қалқаман – Майқайың автожолының 42 шақырымында «BMW-528» маркалы автокөлігінің 26 жастағы жүргізушісі көлігімен жыраға аударылып кеткен.
"Салдарынан жүргізуші мен 31 жастағы жолаушы жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды. Аталмыш фактіге қатысты тексеру жүргізілуде", – деді департаментте.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасында 1990 және 1995 жылғы екі азаматтың да жағдайы ауыр екенін хабарлады.
Көп оқылған
02.10.2026, 16:53
«Сотқа күйеуінен сұранбай келе ме?»: Данияр Кенжеұлы Роза коучты кезекті рет сынға алды
02.10.2026, 09:26
Бүйректің қатерлі ісігіне қарсы вакцина әзірленді: ол өлім аузында жатқан 9 адамды емдеп шықты