ШұғылҚазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсті

Петропавлда есірткі саудасымен айналысқан әйел ұсталды

Күдіктінің үйінен тәркіленген тәркіленген героин 3,5 млн теңгеге бағаланып отыр

фото: ІІМ баспасөз қызметі

Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері аса ірі мөлшерде есірткі сатумен айналысқан әйел адамды ұстады. Ол заңсыз есірткі сатумен айналысқаны үшін бұрын да сотталған болып шықты. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.  

«Көпшіліктен оқшауланып өмір сүретін сатушы есірткіні алдын ала келісу арқылы белгілі адамдарға жеткізіп отырған. Оны ұстау барысында күдікті әйел жасырынып кетпек болған. Үйіне тінту жүргізіп, 300 грамға жуық героин табылды», - делінген ІІМ хабарламасында.

Ол тергеу изоляторына қамалды, оған қатысты «Есірткі, психотроптық заттарды және сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, өңдеу, иемденіп алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе сату» туралы Қылмыстық Кодексінің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы бап бойынша жаза мүлкін тәркілеумен он жылдан он бес жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.