ШұғылСоңғы бір аптада коронавирустан 44 қазақстандық қайтыс болды

Қар құрсауында қалған 150-ден астам көлік Ақкөлден Нұр-Cұлтанға келе жатыр

Шетелдіктер мінген автобус боранда жолда қалып қойған

Дүлей боран салдарынан қар құрсауына түскен  жүргізушілер мен жолаушылар трассаның ашылуын күтуге мәжбүр болған, деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметі.

«Оларға жақын жердегі елдімекендерден баратын жол бойымен тағы 20-ға жуық машина қосылды. Колонналар бірнеше топтан тұрады, олардың әрқайсысында 30-35 машинадан бар. Колоннаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін олар осылайша бірнеше топқа бөлінді. Колоннаны қар тазалайтын техника және полицейлер мен құтқарушылар алып жүреді»,- делінген баспасөз хабарламасында.

Тізілген машиналардың негізі жеңіл автокөліктер, сондай-ақ олардың арасында жолаушылар автобустары (оның ішінде шетелдік жолаушылар) бар. Машиналар мен жүк көліктерінің бір бөлігі әзірге Ақкөлде қалдырылды. Себебі жолда қауіпті жағдай сейілген жоқ, сондықтан олар құтқару көліктері бар болған кезде ғана жолға шығады.