26.05.2022, 10:06
Оқиғалар
Шымкентте жол апатынан 21 жастағы жігіт қаза тапты
Тергеушілер қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр
Шымкентте жол апатынан 21 жастағы жігіт қаза тапты, деп хабарлады ОТЫРАР сайты.
Қайғылы оқиға бүгін түнде болды. Қонаев даңғылы мен Тәжібаев көшесінің қиылысында, бағдаршам маңында екі көлік соқтығысқан. Нексия ұшып кетіп, бағдаршамға соғылып, шұңқырға құлаған. Оның ішінде үш адам – жүргізуші мен екі жолаушы болған.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан жолаушылардың бірі 21 жастағы жігіт оқиға орнында көз жұмды. Қалғандары ауруханаға жатқызылды. Тергеушілер қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Көп оқылған
02.10.2026, 09:26
Бүйректің қатерлі ісігіне қарсы вакцина әзірленді: ол өлім аузында жатқан 9 адамды емдеп шықты
02.10.2026, 16:53
«Сотқа күйеуінен сұранбай келе ме?»: Данияр Кенжеұлы Роза коучты кезекті рет сынға алды