Павлодарда автобуста жұрттың мазасын алған жолаушы жазаланды
Ішімдікке тойып алған тәртіп бұзушы уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына жеткізілді

Павлодарда vаршруттық автобустардың бірінің кондукторы полицияға қоңырау шалып, жұрттың мазасын алған жолаушыға қатысты шара қолдануды сұрады, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қоңырау шалушы операторға автобус туралы мәліметтерді беріп, көліктің қай көшеде жүріп бара жатқаны туралы айтып берген.
«Полицейлер бірнеше минуттан кейін автобусқа кірген кезде кондуктор айтқан жайтқа куә болды. Жұмыстан келе жатқан адамдар жолаушының балағат сөздерін естуге мәжбүр болған. Ішімдікке тойып алған тәртіп бұзушы уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына жеткізілді», - деді департаментте.
Сондай-ақ ол қоғамдық орында мас күйінде жүргені және қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 440-434-баптары - «ұсақ бұзақылық» бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Айта кетейік, осы жылы мас күйінде қоғамдық орында жүргені үшін 4095 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 1093 құқық бұзушы жауапқа тартылды.