$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жыл басынан бері елімізде қанша бала жол-көлік апатынан көз жұмды

Қазақстанда биыл 92 баланы көлік қағып кеткен

Жыл басынан бері елімізде қанша бала жол-көлік апатынан көз жұмды
Фото: bfm74.ru

Жыл басынан бері ел аумағында 92 кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кету дерегі тіркелді. Оның ішінде 5 бала қаза тауып, 97-сі жарақат алған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұратәлиевтің мәліметінше, елімізде әрбір бесінші жол-көлік оқиғасынан кәмелетке толмаған бала зардап шегеді.

«Жыл сайын жол апатынан 200-ге жуық бала көз жұмып, 3 мыңнан астамы әртүрлі дене жарақатын алады. Бұл – мемлекет үшін орны толмас шығын және қоғамның демографиялық резервіне нұқсан келтіреді», - деп атап өтті Жандос Мұратәлиев.

Пандемияға байланысты өткен жылдан бастап мектеп оқушыларына жолда қауіпсіз жүріп-тұруды түсіндіру сабақтары өткізілген жоқ. Соның салдарынан балалардың жолда жарақаттануына қарсы шаралар саны азайып кеткен. Бұл қазірдің өзінде жалпы жағдайға кері әсер етіп отыр», - деді Жандос Мұратәлиев ведомствода өткен баспасөз мәслихатында. «Жалпы, есептік кезеңде республиканың автожолдарында кәмелетке толмағандарға қатысты 796 жол-көлік оқиғасы тіркелді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,6 пайызға жоғары.

«Жол-көлік оқиғаларынан 42 бала қаза тауып, 957 бала жарақат алған. Бұл сандардан да марқұм болғандардың 44,8%-ға және жараланғандардың 15,7%-ға өскенін байқаймыз. Бұл ретте зардап шеккен балалардың жартысынан көбі жолаушылар, қалғандары жаяу жүргіншілер», - деді Жандос Мұратәлиев.

Оның айтуынша, жол-көлік оқиғасынан зардап шегетін балалардың дені көлік ішінде болады.

«Көп жағдайда ересектер көлікте тасымалдау ережесін сақтамайды. Балаларды арнайы құралсыз немесе белбеумен бекітпей алып жүреді. Сонымен қатар, жаяу жүргіншілердің кінәсінен болатын жол-көлік оқиғаларының негізгі себебі - жол белгісі жоқ жерден кесіп өту немесе бағдаршамның қызыл түсі жанып тұрғанда өтіп кетеді. Кейде жақындап қалған көліктің алдынан кесіп өтіп жатады. Жыл басынан бері ел аумағында 92 кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кету дерегі тіркелді. Оның ішінде 5 бала қаза тауып, 97-сі жарақат алды», - дейді Ж. Мұратәлиев.

Серіктес жаңалықтары