$ 503.15  543.3  5.93
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
27.01.2020, 22:59
Оқиғалар

Ақмола облысында ресейлік келіншек өрт сөндіру көлігінде босанып қалды

ТЖҚ қызметкерлері соңғы бес күн ішінде 4 жүкті әйелді құтқарып қалған

Ақмола облысында ресейлік келіншек өрт сөндіру көлігінде босанып қалды

Ақмола облысында ресейлік әйел өрт сөндіру машинасының ішінде босанып, дүниеге қыз бала әкелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облыстық Төтенше жағдайларлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құтқарушылар қар құрсауында қалып қойған жедел жәрдем көлігінің алдынан шығып, толғағы келген келіншекті өз көліктеріне отырғызған екен. Алайда әйел көп ұзамай Астрахан ауданы маңындағы Алматы – Екатеринбург тасжолында кетіп бара жатып, көлікте босанған. 

«2020 жылы 26 қаңтарда 18 сағат 20 минутта жедел жәрдем көлігінің қар құрсауында қалып қойғаны туралы хабарлама келіп түсті. Көлік ішінде жүкті әйел болған. Жедел жәрдем Петровка ауылына келіп, ал Астраханкаға қайтып жете алмай қалған, өйткені екі жүк көлігі жолды жауып тұрып қалған. Қар құрсауынан көліктер алға жылжи алмаған. Қатты боран соғып, айналаны көру мүмкіндігі нөлге тең болды», - дейді департаменттің 19-ӨСБ бастығының орынбасары Ербол Смайлов.

Шақыртумен жеткен №19 өрт сөндіру бөлімінің кезекші қарауылы шұғыл жолға шыққан, алайда 23 жасар әйел Астрахан ауданы орталығының перзентханасында емес, өрт сөндіру машинасының ішінде босанып қойған. Оны фельдшер босандырып алған. Көп ұзамай ана да, бала да Астрахан ауданы Астраханка ауылының перзентханасына жеткізілді. Екеуінің де жағдайы жақсы.

Айта кетерлігі, әйел өз сөзінде Ресей азаматы екенін айтқан. Бұл оның тұңғыш баласы екен.

ТЖ қызметінің қызметкерлері соңғы бес күн ішінде осымен төртінші жүкті әйелді құтқарып қалған. Ал құтқарушылар мен дәрігерлер Бурабай ауданындағы ауылға арнайы техникамен келіп, тағы бір әйелді шұғыл түрде аудандық перзентханаға жеткізіп үлгерген.

Серіктес жаңалықтары