20.05.2022, 12:53
Оқиғалар
БҚО-да GAP қаржы пирамидасы салымшыларын 15 млн теңгеге алдап кеткен
Қаржы пирамидасы 2021 жылы БҚО-да құрылған
Видеодан кадр
Қаржылық мониторинг агенттігінің БҚО бойынша департаменті GAP тұтыну кооперативіне қатысты «Қаржы пирамидасын құру және басқару» бабы бойынша қозғалған қылмыстық істі тергеп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
GAP тұтыну кооперативінің толық атауы – Global Asar Project. Қаржы пирамидасы 2021 жылы БҚО-да құрылған.
«Қаржы пирамидасы «активтерді қайта бөлу және кейбір қатысушыны басқалардың жарнасы есебінен байыту принципіне негізделген. Соның салдарынан 14 азаматқа 15 миллион теңгеге жуық шығын келген», - делінген агенттік хабарламасында.
Қаржы мониторингі агенттігі азаматтарды аса сақ болуға және қаржылық пирамидаларға тартатын алаяқтардың айла-шарғысына түсіп қалмауға шақырады.
Көп оқылған
11.11.2026, 14:42
«Осылай қартайып өтпекпіз бе?»: АҚШ-қа көшкен өскемендік ата мен әжей жаңа өмірі туралы сыр шертті (ВИДЕО)
11.11.2026, 08:34
Астанада екі оқушы қыздың өліміне қатысты жаңа деректер шықты
11.11.2026, 15:55
«Директордың күйеуі балаларды құшақтап, ұйықтатады екен»: Астанадағы жекеменшік балабақшадан дау шықты
11.11.2026, 20:33
Семейде бес күннен бері іздестірілген ер адамның мәйіті табылды
11.11.2026, 07:21
Аяз, қар, жаңбыр: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды