$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
18.05.2022, 09:29
Оқиғалар

Ақмолада 10 жастағы баланы жоғары сынып оқушылары зорлаған

Аталған дерекке қатысты тергеу жұмыстары басталды

Ақмолада 10 жастағы баланы жоғары сынып оқушылары зорлаған
Фото: gov.kz

Ақмола облысында жоғары сынып оқушылары 10 жастағы баланы зорлау ісі бойынша тергеліп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиға туралы полиция 9 мамырда хабарланған. 

Белгілі болғандай, әлеуметтік желі арқылы астана маңындағы елдімекендердің бірінде 2012 жылы туған балаға қатысты сексуалдық сипаттағы іс-әрекеттері бар бейнежазба тараған.

Оқи отырыңыз: Алматыда жекеменшік мектептің оқушылары 1-сынып оқушысын зорлаған

«Аталған дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 121-бабы 4-бөлігі (жас балаға қатысты нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттері) бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр. Іс бойынша сот сараптамалары тағайындалды. Кәмелетке толмағандардан жауап алу заңды өкілдердің, педагогтардың, психологтардың және адвокаттардың қатысуымен жүзеге асып жатыр. Өзге ақпарат Қылмыстық кодекстің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды», - делінген ПД хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары