«Мама, мама»: Каспийдегі трагедиядан аман қалған сарбаз анасымен жылап көрісті (ВИДЕО)

Сарбазды теміржол вокзалынан жақындары мен дос-жарандары күтіп алды

«Мама, мама»: Каспийдегі трагедиядан аман қалған сарбаз анасымен жылап көрісті (ВИДЕО)
Фото: Видеодан скрин

Маңғыстау облысында Каспий теңізіндегі трагедиядан аман қалған сарбаз әскерден оралып, анасымен жылап көрісті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сарбазды теміржол вокзалынан жақындары мен дос-жарандары күтіп алды. Қолына гүл ұстаған сарбаз қалың топтың ортасынан анасын тауып қауышты.

Айта кетейік, Каспий теңізінде оқу-жаттығу барысында 14 сарбаз қаза тапқан. Жуырда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысындағы 14 әскеридің қазасына байланысты тағы да шұғыл жиын өткізіп, арнайы құрылған комиссияның алғашқы есебін тыңдаған.