Астанада автосалон басшысы клиенттерінен 128 млн теңге жинап алып, көліктерін бермей қойған
Автосалон басшысы заңсыз әрекеті үшін сотталып кетті
Астанада автосалон басшысы бір жыл бойы клиенттерінен 128 млн теңге жинап алып, көліктерін бермей қойған. Ол Қытайдан автокөліктерді сатып алу және жеткізу бойынша брондау шарттарын жасасқан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Клиенттерінен алған 128 млн теңгені оңды-солды шашып, жұмсап тастаған.
«Автокөліктерді жеткізу жөніндегі міндеттемелерін орындап жатқандай көрініс жасау мақсатында жәбірленушілерге банктік аударымдар жасалғаны туралы жалған құжаттар ұсынған. Оның заңсыз әрекетінен 6 адам зардап шегіп, 128 млн теңгеден аса шығын келтірген. Мемлекеттік айыптаушы оның кінәсін толық дәлелдеді. Сот үкімімен оған 6 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», – делінген прокуратура хабарламасында.
Үкім заңды күшіне енді.