$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
18.05.2022, 10:22
Оқиғалар

Павлодар облысында автокөлік тас жолға шыққан жылқыны қағып өлтірді

Жыл басынан бері облыста иесіз малдың қатысуымен болған 13 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан бір адам қаза тапқан

Павлодар облысында автокөлік тас жолға шыққан жылқыны қағып өлтірді

Павлодар облысында автокөлік тас жолға шыққан жылқыны қағып өлтірді. Жылқының иесі анықталып, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік материал толтырылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап. 

"Жануарлардың жолдың жүру бөлігінде, әсіресе түнгі уақытта оқыс шығуы жол-көлік оқиғаларына себеп болуы мүмкін. Сағат 00.11 шамасында Ақсу қаласының кезекші бөліміне  Ленин – Курчатов автожолында, Сырлықала ауылының маңында «Хундай-Гетц» автокөлігінің жүргізушісі тас жолға оқыс шыққан атты қағып кеткені туралы хабарлама түсті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан ат өліп қалды", - деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Айта кетерлігі, жыл басынан бері облыста иесіз малдың қатысуымен болған 13 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан бір адам қаза тапты, біреуі жарақат алды.

Серіктес жаңалықтары