Мектептегі бала зорлығы: ата-аналар іс жабылып қала ма деп қорқады

Azattyq Rýhy

Ал мектеп қызметкерлерінің бірі жолдаған хабарламада балалардың дұрыс тамақтанбайтыны айтылған

 

Мектептегі бала зорлығы: ата-аналар іс жабылып қала ма деп қорқады
Көрнекі сурет nvdaily.ru

Алматыда 1-сынып оқушысы зорланды делінген жекеменшік мектеп оқушыларының ата-аналары іс жылы күйінде жабылып қала ма деп қорқады. Бұл туралы «НеМолчи» қорының жетекшісі Дина Смаилова Facebook-парақшасында жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қоғам белсендісі өзіне «Мариям Алматы» мектебінде оқитын балалардың ата-аналары мен кейбір қызметкерлердің хат жазып жатқанын айтты. Олар мектепте шұғыл өткен жиналыс барысында мектеп әкімшілігі лицензияның қайтарып алынуы немесе тергеу мәселесі туралы  айтылатын шығар деп күткен. Алайда керісінше, онда оқу орнының басшылығы жақында ұлын зорлады деп мәлімдеген әкені жамандап, мектепте болған оқиғаға барлық кінәні жәбірленушілердің өзіне артпақ болғанын жеткізген.   

«Мектеп басшылығы болған оқиғаға жәбірленуші баланың өзін және БАҚ-қа жүгінген әкені кінәлағандай болды десек, артық айтпаспыз. Олар оны мектептің абыройына нұқсан келтіру үшін жасады дегенге келтірді», - деп жазады ата-аналар.   

Сондай-ақ ата-ана басқа мектепке ауысқысы келетіндердің бәрі маусым айының ақысын төлеуге міндеттелгенін, әйтпеген жағдайда құжаттарын ала алмайтынын айтқан.

Ал мектеп қызметкерлерінің бірі жолдаған хабарламада балалардың дұрыс тамақтанбайтыны, сонымен қатар, істің жабылып қалу қаупі бары айтылған.

Оқи отырыңыз: «Анасы қайтыс болған»: Алматыда сабақ кезінде зорланған оқушының әкесі мән-жайды айтып берді

Еске салсақ, 12 мамырда құқық қорғаушы Дина Таңсәрі Алматыдағы жекеменшік мектептердің бірінде бірінші сынып оқушысының зорланғаны туралы айтқан болатын. 12 мамырда ҚР Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің өкілдері «Мариям» жекеменшік мектебін тексеру үшін арнайы келген еді. Білім және ғылым министрлігінен келген комиссия білім ошағында бірқатар заң бұзушылықтарды анықтады. Ал баланың әкесі ұлын мектепте қалай зорланғанын айтып берді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.