БҒМ зорлық көрген оқушы оқыған мектепте заңбұзушылықтар анықталғанын айтты
Ведомство өкілдері сондай-ақ жәбірленген оқушының отбасына барды
Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Алматыдағы 1-сынып оқушысына қатысты жағдайды тексеру мақсатында «Марьям» жекеменшік мектебіне барды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Білім және ғылым министрлігінің мәліметінеше, кеше ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Есенғазы Иманғалиев пен Балалар құқықтары жөніндегі штаттан тыс кеңесші Раиса Шер «Мариям» жекеменшік ұйымында оқитын 1-сынып оқушысына қатысты мән-жайларды зерттеу үшін Алматыға барған.
«Олар оқушының отбасына барды. Балаға психологиялық көмек көрсетіліп жатыр. Сондай-ақ комитет қызметкерлері Алматы қаласының құқық қорғау органдарының өкілдерімен кездесті. Еске сала кетейік, қазір қалалық полиция департаменті тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр және зорлық-зомбылық әрекеттерінің жасалғанын анықтау үшін сараптама тағайындалды», - делінген делінген БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің хабарламасында.
Сонымен қатар олар Алматы қаласындағы «Мариям» жекеменшік ұйымының әкімшілігімен және ұстаздарымен әңгімелесті.
Оқи отырыңыз: «Анасы қайтыс болған»: Алматыда сабақ кезінде зорланған оқушының әкесі мән-жайды айтып берді
«Құрылған комиссияның тексеру нәтижесі бойынша оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде (бейнебақылауды қамтамасыз ету бойынша тиісті талаптарды сақтамау), қажетті санитарлық-гигиеналық талаптарды құруда (сыныпта жарықтың нашарлығы, желдету жүйесінің болмауы және т.б.) бірқатар заңбұзушылық анықталды. Қазіргі уақытта тексеру жұмыстары жалғасып жатыр. Оның қорытындысы бойынша шаралар қабылданады», - делінген хабарламада.
Еске салсақ, 12 мамыр күні Алматыда жекеменшік мектептің бірнеше оқушысы бірінші сынып оқушысын зорлады деген күдікке ілінді. Осы жағдайға байланысты Алматы қалалық ПД бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов пікір білдіріп, ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелгенін мәлімдеді