Алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болады
Еліміздің басым бөлігінде қатты жаңбыр жауса да, ауа температурасы көп өзгермейді
«Қазгидромет» алдағы демалыс күндері Қазақстанда ауа райы қандай болатынына болжам жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Синоптиктер 14-16 мамыр күндері еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, бұршақ пен қатты жаңбыр жауатынын айтты.
«Алдағы демалыс күндері Қазақстанның синоптикалық жағдайы Солтүстік Атлантикалық циклонның жылы секторына және соған байланысты атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты шығыста,батыста және таулы, тау бөктеріндегі аудандарда қатты жаңбыр жауып, жел күшейеді. Бірақ бұған қарамастан, температура аясында ерекше өзгерістер күтілмейді», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар еліміздің батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында күндіз термометр бағандары 17-25 градусқа дейін, ал елдің оңтүстігінде 18-28-ден 23-35 градусқа дейін көтеріледі.