Алматы облысында ер адам әйелін өлтіріп, елсіз далаға қашып кеткен

Azattyq Rýhy

Оның бұрын сотты болғаны анықталды

Фото: ашық дереккөзден

Талғар полицейлері елдімекендерден алыс дала аймағында өз әйелін өлтірді деген күдікпен 45 жастағы азаматты ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алматы облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 10 мамырда тәртіп сақшыларына Жалғамыс ауылы маңындағы шаруа қожалығынан зорлық-зомбылықпен өлтірілген 47 жастағы әйелдің денесі табылғаны туралы ақпарат келіп түскен. Үйдегі төбелес іздерінен әйелдің аяусыз соққыға жығылғанын, соның салдарынан қайтыс болғаны анықталды.

Марқұм болған әйел бұрын сотталған ер адаммен бірге тұрып, шаруа қожалығында мал баққан. Белгілі болғандай, әйелдің өліміне қатысы бар күдікті оқиға орнынан қашып кеткен.

Оқи отырыңыз: Қызылордада 3 адамды атып өлтіріп кеткен күдіктілер ұсталды

«Күдікті даланың қыр-сырын жетік білетін, сондықтан іздестіру топтары бірнеше бағытта жұмыс істеді. Нәтижесінде патрульдік рота қызметкерлері күдіктінің ізіне түсіп, оны ұстап, полицияға жеткізді. 45 жастағы ер адам өз айғақтарында әйелін қатты соққыға жыққанын толық мойындады. Сондай-ақ ұсталған азамат қылмыс жасаған кезде мас болғанын түсіндірді», - деп хабарлады Талғар аудандық полициясы.

 
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.