26.01.2020, 12:04
Оқиғалар
Елдегі 45 учаскеде жолдар жабылды
Бірқатар облыстағы республикалық маңызға ие жолдарда көлік қозғалысына шектеу қойылды
Ауа райының қолайсыздығына байланысты елдегі 45 учаскеде жолдар жабылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Хабар 24» сайтына сілтеме жасап.
Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Ақмола, Ақтөбе, Алматы облыстарындағы республикалық маңызға ие жолдарда көлік қозғалысына шектеу қойылды. Тіпті, бірқатар өңірден Ресей Федерациясына көлікпен шығуға тыйым салынды.
«Қазавтожол» компаниясының мәліметінше, республика бойынша 800 бірлік техника жолдарды ашуға әрекет етіп жатыр. Ал оқыс жағдайға тап болсаңыз, 14-03 нөміріне хабарласыңыз. Кол орталық тәулік бойы жұмыс істейді.
Көп оқылған
02.10.2026, 16:53
«Сотқа күйеуінен сұранбай келе ме?»: Данияр Кенжеұлы Роза коучты кезекті рет сынға алды
02.10.2026, 17:32
«Таспен қуып, өлтіремін деп қорқытты»: Алматыда ішіп алған ер адам бойжеткенге шабуыл жасады (ВИДЕО)