26.01.2020, 13:34
Оқиғалар
Петропавлда 12 жасар бала жоғалып кетті
Жеткіншек 25 қаңтар күні үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған
Фото © СҚО ПД баспасөз қызметі
Петропавл полицейлері 2008 жылы туған Егор Курочкинге іздеу жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жеткіншек 25 қаңтар күні сағат 17:00 шамасында Петропавлдағы Украинская, 191 мекенжайындағы үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған.
Баланың ерекше белгілері: бойы 150 см, мығым денелі. Ашық түсті комбинезон, басына сұр түсті тоқыма бас киім, аяғына табаны ақ, беткі жағы қара түсті қысқы кроссовки киген.
Петропавл полициясы баланың қайда екені туралы қандай да бір ақпарат білген-естіген жандардан 61-93-77, 61-93-75 немесе 102 нөмірлері бойынша хабарласуын сұрайды.
Көп оқылған
27.06.2026, 09:19
Оңтүстік Кореяның бұрынғы бірінші ханымы пара алғаны үшін жеті жылға бас бостандығынан айырылды
27.06.2026, 11:20
Қорғас тас жолындағы қайғылы апаттан бір отбасы қаза тапты
27.06.2026, 13:14
Жетісу облысындағы жол апатынан бес адам қаза тапты
27.06.2026, 08:32
Телефон мен биометрияны пайдаланатын жаңа алаяқтық: Ұлттық банк халыққа үндеу жасады
27.06.2026, 07:24
27 маусымға арналған ауа райы болжамы